Елбасы Нәдір Нәдіровтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

esj.today
Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды - Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. "Барбанг" Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды