Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле әкесі - Бақытбек Есентаев туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Менің туған әкем қасымда жоқ, оны нақтылаудың не керегі бар? - деп жауап берді Айсәуле Instagram-дағы Stories-те темір тордың ар жағында отырған әкесіне барып тұратын-тұрмайтынын білгісі келген біреуге.
Иә, барып тұрамын. Бірақ осындай сұрақты қояр алдында бұл тақырыпта менің парақшамда неге жазба жоқ деп ойланып көрмедіңіз бе? Мүмкін, бұл жайында сөз қозғағым келмейтін шығар, ол мақтанатын немесе сөз етуге келетін нәрсе ме? - деп тағы бір сөзінің басын қайырып қойды Айсәуле.
Бұл тақырып, әрине, маған ұнамайды, ол бәсенеден белгілі жайт. Егер өз басыңыздан осындай күй кешсеңіз, қалай, ол туралы бүкіл елге жариялап, әңгіме айтар ма едіңіз? Ендеше, осындай сұрақтарды қоймас бұрын менің орныма өзіңізді қойып, менің жайымды неге ойламайсыз? - деп сұрады Айсәуле сұраққа қоюшыға қадалып.
Мен Instagram-дағы кейбіреулер секілді елдің өзіме деген аяушылығын туғызып, неше түрлі бейшара жазбалары бар суреттерді жүктеп, осындай жиіркенішті тәсілмен жұртқа жаққым келмейді. Ол барып тұрған ақымақтық, менің болмысыма, тіптен қайшы дүние. Мен өз-өзіме адалмын, не істейтінімді, қандай қыз екенімді жақсы білемін әрі мұның бәрін көпшілікке жария етуді бейшаралық деп санаймын. Бұл айтып, талқылағым келетін тақырып емес. Құдайға шүкір, менің анам ақымақ емес, әкеммен арадағы проблемаларын балаларымен араластырып, былықтырмайды. Әкем де дәл сондай. Сондықтан, іштеріңіз күйсе де айтайын, ата-анамның екеуімен де жақсымын. Сіздер білуі керек деген тек осы арасы ғана деп ойлаймын, - деп сөзін қорытындылайды ол.
Айта кетсек, 2016 жылдың 10 маусымында Баян Мақсатқызы пышақ жарақаттары мен ауыр соққы салдарынан ауруханаға түскен болатын. Қылмысқа күдікті күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды.
2016 жылдың 3 қарашасында сот Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындау туралы Баянның өтініші сотта ескерілмеді.