Димаш Париждегі байқауға қатысып жатқан жас таланттарымызға дауыс беруге шақырды

Сурет: Instagam/kudaibergenov.dimash
Ел аузындағы әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген балалар Евровидениесіне Қазақстан атынан қатысушыларды қолдап, дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Instagram-дағы парақшасында Димаш отандастарын мәртебелі додаға Қазақстан атынан түсіп жатқан 11 жастағы Линар Хамзин мен 8 жасар Бекнұр Жәнібекұлына дауыс беруге шақырды.

Жас таланттарымызға қалай дауыс береміз? Ол үшін Junioreurovision.tv сайтына кіріп, барлық қатысушылардың қысқаша бейнеролигін қарап, соның ішінде Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын және тағы екі өнерпазды таңдаңыз. Димаш Құдайберген

Айта кетелік, биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады. Олар сахнаға 10-ыншы нөмірде шығады.

Байқаудың ақтық сыны 19 желтоқсанда өтеді.

Францияның астанасынан тікелей көрсетілімді 19 желтоқсан күні 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды