Екі қазақстандық финалға қатысқан "Голос" шоуының жеңімпазы анықталды

Сурет: Instagram/voice1tv
Көрермендердің 53,3 пайыз дауысын жинаған Александр Волкодав "Голос" шоуының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Музыкалық байқаудың оныншы маусымы 30 желтоқсан, бейсенбі күні аяқталды. Ақтық мәреге өткен төрт қатысушының екеуі қазақстандық әншілер еді. Финалистер үштігіне әнші Дима Биланның командасынан Ернар Садырбаев және композитор Александр Градскийдің командасынан Әлішер Кәрімов қосылған еді.

Сахна төріне алғашқы болып Леонид Агутин және оның шәкірті Элина Пан шықты, олар Агутиннің "Включите свет" әнін орындады.

Сахнаға екінші болып шыққан қазақстандық Ернар Садырбаев пен жобадағы тәлімгері Дима Билан "Ты должна быть рядом" әнін орындады.

Үшінші Пелагея мен қырғызстандық Александр Волкодав болды. Олар ағылшын тілінде ән орындады.

Төртінші болып Александр Градский тобындағы Әлішер Кәрімов шықты, бірақ Градскийдің "Как молоды мы были" әнін видео арқылы бірге орындады.

Нәтижесінде көрермендердің 53,3 пайыз дауысын жинаған Александр Волкодав "Голос" шоуының жеңімпазы атанды.

Екінші орын Әлішер Кәрімовте , ал үздік үштікті Ернар Садырбаев қорытындылады.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы