Көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев дүниеден озды

Фото: pixabay
84 жасқа қараған шағында белгілі қоғам әрі мемлекет қайраткері Кеңес Аухадиев дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz

Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев 1938 жылы 27 желтоқсанда Кербұлақ ауданы Сарыөзек станциясында дүниеге келген. 1957 жылы Сарыөзек орта мектебін бітірген соң Талдықорған ауыл шаруашылығы техникумында, Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқыған.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті.

1960 жылы Панфилов ауданында Ленин колхозында трактор-егіс бригадасының жетекшісі ретінде еңбек жолын бастады.

1962 жылы Панфилов ауданы комсомол комитетінің 1-хатшылығына сайланды.

1966-1975 жылдары Қазақстанның ЛКЖО аппаратында, Алматы облысы комсомол комитетінде, т.б. республикалық жастар ұйымдарында лауазымды қызметтер атқарды.

1971-1975 жылдары Совет ауданы партия комитетін (Алматы қаласы), Алматы калалық атқару комитетін басқарды.

Кейін 1978-1985 Алматы облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болды.

1985 жылдан республикалық «Главриссовхозстрой» жүйесінде жұмыс істеді.

1975-1978 жылдары Қазақстан КП облыстық комитетінде 1-хатшы,

1985 жылдан су шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі