Қытайлық жігіт Димаштың әнін қазақша айтты

Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасына Қытай аэропортынан видео салды. Видеода әншінің жанкүйері әнді қазақша айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдағы әуежайдан видео. Жігіт әнімнің соңғы жолын қазақша айтқанда таңғалдым, – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

Видеода Димаш өзінің жанкүйерлерінің қасында тұр. Фанаттар әншінің өлеңін айтып, жылы лебізін білдіріп жатыр. Бір кезде қытайлық жігіт Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін қытайша айта бастады. Тек әннің соңғы жолдарын қазақша айтты. Димаш Құдайберген жанкүйеріне риза болып, оның қолын алды.

Еске сала кетейік, 18 ақпанда Димаш Құдайберген Санкт-Петербургке келіп, өзінің жаңа музыкалық бейнебаянының түсіріліміне кірісті.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз