Дубайда Димаш Құдайбергеннің концерті өтті

Сурет: Instagram/ kudaibergenov.dimash
25 наурызда Дубайда көптен күткен Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Бұл - екі жылдық үзілістен кейінгі оның қалың ел алдына шығуы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dears (Құдайбергеннің жанкүйерлер қауымы) Димашты тағатсыздана қарсы алды. Олардың сүйікті әншісін сағынатындай жөні бар, өйткені бұл - әртістің екі жылдан кейін қойып тұрған алғашқы концерті. Димаш өз жанкүйерлерін сүйікті әндерімен, сондай-ақ пандемия кезінде жазған жаңа туындыларымен қуантты.

Аренаның барлық бұрышынжағы көрермендер Димашпен қосылып, жарыса ән салды. Ал тағы бірі сүйікті әншісінің орындауындағы әнді демін ішіне тартып, беріле тыңдады. Концерт салтанатты арнайы эффектілермен көркемделді.

Дәстүр бойынша Димаш көрермендермен бірге "Ұмытылмас күн" әнін орындап, домбырада ойнады.

Концерт қонақтары арасында Қазақстанның домбырашылары Темірлан Олжабай, Ернат Наурыз, сондай-ақ Ахмет Жұбановтың Qarlygash әнін шырқаған Димаштың анасы да болды.

Концерттен үзінді, видео Ютубтан алынды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді