Белгілі журналист Батыр Қазыбаев дүниеден озды

Сурет: Facebook/Батыр Казыбаев
Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев 53 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды марқұмның өзі негізін қалаған Tengrinews.kz порталы жариялады.

Батыр Қазыбаев белгілі қазақстандық журналист, жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың баласы, ол көп жылдар бойы облыстық және республикалық газеттердің редакциясында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болған. Батыр Қазыбаев әкесінің жолын қуып, журналистикадағы мансабын таңдады, табысты медиаменеджер болды.

Батыр Қазыбаев соңғы 10 жылдан астам уақыт бойында құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары, Жұлдыз FM, Ретро FM Казахстан радиостансалары, СТВ, "Жетінші арна" телеарналары, кейіннен сайт ретінде қалған "Алаш айнасы" республикалық газеті кіретін медиахолдингті басқарып келді.

Zakon.kz редакциясы белгілі журналистің туыстары мен жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз