«Өзіміз отырып шай ішейік»: Димаш Дубайдағы концертінде ел-жұрттың амандығын сұрады

Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген 25 наурызда Дубайдағы Coca-Cola аренасында жеке ән кешін өткізді. Әнші сол концерттен видео бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы көктемде шетелдің бірнеше қалаларында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші жоспарланған. Соның алғашқысы Дубайда өтті. Бүгінде Димаш Instagram-дағы парақшасында жеке кешінен видео бөлісіп жатыр.

Қалайсыздар, құрметті ағайын? «Өзіміз отырып шай ішейік» деген сияқты қазақша сөйлегенде кәдімгідей рахаттанып жатырмын. Ел-жұрт аман ба? Аман-есенсіздер ме? – деді Димаш Дубайдағы қазақ көрерменіне.

Содан кейін Димаш Құдайберген қазақша ән айтты. Әншінің Дубайдағы концертіне барған көрермені әлеуметтік желіде Димашқа алғысын айтып, ән кешінен алған әсерін бөлісіп жатыр. Ал әншінің қазақша сөзін түсінбегендерге қазақ көрермендер қолдау білдіріп, аударып беріп жатыр:

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 2 сәуірде Минскіде концерт береді. Өтетін орны: Минск арена.

Әншінің көктемгі концерттік бағдарламасын жариялаған едік:

Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз