«Сені көру үшін әлемді кесіп өттік»: Германияда Димашты жанкүйерлері күтіп алды

Сурет: dimashnews.com
Димаш Құдайберген бүгін Германияға ұшып барды. Дюссельдорф қаласында әншінің жеке ән кеші өтеді. Оны әуежайда жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 8 сәуірде Димаш Құдайберген өзінің «ARNAU» концерттік турын жалғастыру үшін Германияға ұшып барды. Германияға алғашқы жеке концертін өткізуге келген әншіні қарсы алу үшін оның жанкүйерлері әуежайға арнайы келген. Арасында ересектер де, балалар да бар.

Dimashnews.com-ның хабарлауынша, артис келгенге дейін жанкүйерлер әуежайда жиналып, Димаштың сүйікті әндерін талқылаған, бірге уақыт өткізген.

Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және басқа елдерден келген жанкүйерлер сүйікті әншісін әуежайда қуана күтіп алды. Олар қазақша «Сәлеметсіз бе?», «Рақмет сізге» деген сөздерді жаттап алған.

Сурет: dimashnews.com

Димаш Құдайберген болса, қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша олармен бірге фотоға түсіп, қолтаңба берді, сыйлықтарын алды.

Еске салайық, 9 сәуірде Дюссельдорфтың «ISS Dome» стадионында Димаштың «ARNAU» туры аясында алғашқы концерті өтеді.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі