Димаш Құдайберген Чехияда концерт береді

Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Биыл көктемде Димаш Құдайбергенді бірнеше елден көруге болады. Оған себеп – әншінің жеке ән кеші, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген өз тыңдарманын әр елдерде болатын ән кешіне шақырып жүр. Концерттің қай елде, қандай аренада, қашан болатынын әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялайды.

Димаш Құдайберген 25 наурызда Дубайдағы Coca Cola Arena-да жеке ән кешін өткізсе, 2 сәуір күні Минскіде концерт берді. Ал жақында 9 сәуір күні әнші Германияның Дюссельдорф қаласында концерт беріп, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді. Германиядағы жанкүйерлер әншіні әуежайда күтіп алды.

Енді Димаш Құдайберген өз тыңдарманын 16 сәуір күні Чехияда, Прага қаласындағы жеке ән кешіне шақырып жатыр. Бұл туралы Димаш Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Прагадағы концертке, жанкүйерлермен қайта қауышуға бір күн қалды.

Чехия. Прага. Концертке бір күн қалды, - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз