DAZ неміс газеті Димаш туралы мақала жариялады

Сурет: dimashnews.com
Жақында Димаш Құдайберген Германияда жеке ән кешін өткізді. Осы кештен соң Германияның DAZ басылымында әншінің концерті, өнері туралы мақала жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылымда жарияланған мақаланың тақырыбы – «Германиядағы жеке концерт: Димаш Құдайберген Дюссельдорфтағы концертімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандарды қуантты».

Dimashnews.сom-ның хабарлауынша, DAZ-дағы Димаштың Дюссельдорфта өткен жеке концерті туралы материал 13 сәуірде жарияланды. Мақала авторы Кристоф Страух концертпен бірге әншінің шығармашылық жолы және оның вокалдық қабілеті туралы да жазды.

Біздің газет бір уақытта неміс және орыс тілдерінде шығарылады. Сондықтан Димаштың өз концерттерінде көптеген тілдерде ән шырқайтынына біз ерекше таң қалдық, – деді DAZ редакциясы.

Газет редакторлары қазақстандық артистің Германияға келуі олар үшін өте маңызды оқиға болғанын жеткізді. Сонымен қатар биыл Германия мен Қазақстан мерейтойлық датаны – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтіп жатыр.

DAZ апталық республикалық газеті 1966 жылдан бері шығады. Басылым негізінен саяси, экономикалық, сонымен қатар мәдени салалардағы неміс-қазақ қарым-қатынасын көрсетеді. Бүгінде газеттің таралымы – 1000-нан астам дана. Газет неміс және орыс тілдерінде шығады.

Германия
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді