Белгілі тележүргізуші «Қазақстан аруы» байқауының президенті болып тағайындалды

Сурет: жеке мұрағаттан
Танымал тележүргізуші Айдай Исаева «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық деңгейдегі жобаны басқару мен үшін мәртебе. Ширек ғасырда Ұлттық сұлулық байқауының сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бұл тек сұлулық пен сән мейрамы болса, бүгінде «Қазақстан аруы» өзін белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы бар жастар қауымдастығы ретінде көрсете білді. Айдай Исаева

Айдай Исаеваның мамандығы дәрігер, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Үш баланың анасы. Ол «Қазақстан Аруы – 2013» атанғаннан кейін, АҚШ-та өткен «Ғалам Аруы – 2013» байқауында Қазақстанның намысын қорғаған болатын.

«Қазақстан аруы» Ұлттық байқауының негізі 1997 жылы қаланған. Бұған дейін жобаны Алена Ривлина-Қырбасова басқарған. Ол қамқоршылық кеңес құрамында қалады. «Қазақстан аруы» – «Ғалам аруы» (АҚШ), «Әлем аруы» (Ұлыбритания) және «Жер аруы» атты ірі әлемдік конкурстардың эксклюзив лицензияларының жалғыз иегері.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды