Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Сурет: dimashnews.com
«Димаш: Қазақстанның алтын дауысы». 29 маусым күні Джакартадағы Индонезияның Ұлттық кітапханасында Димаш Құдайберген мен Қазақстан туралы көрме осындай атаумен өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрмеде Қазақстан табиғатының фотосы, сонымен қатар жергілікті Индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірінің көрсетілімі өтеді.

29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстанның Индонезиядағы және Индонезияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, Индонезиядан келген Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды. Өйткені бұл шара индонезиялықтардың Қазақстан мәдениетін және Димашты тануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге екі ел арасындағы достықты нығайтады.

Іс-шара барлық ниет білдірушілер үшін тегін және ашық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды