Америкалық әнші Бритни Спирс өзінен 12 жас кіші жігітке күйеуге шықты

Сурет: Instagram/Бритни Спирс
Америкалық әнші Бритни Спирс актер әрі фитнес жаттықтырушысы Сэм Асгариге күйеуге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз үйлендік!!! Бұл нағыз тамаша күн болды!!! Салтанатты рәсім армандағандай болды, ал кеш одан да керемет өтті", - деп жазды Спирс әлеуметтік желіде.

Әнші тойға дейін дегбірі қашып, дел-сал күй кешкенін мойындады. Сондай-ақ ол үйін арман сарайына айналдырып, ғажайып күй сыйлаған командаға алғыс айтты.

Сурет: Instagram/Бритни Спирс

Ол тойына көпке танымал достарын шақырғанын айтты: Пэрис Хилтон, Селена Гомес, Дрю Берримор, Мадонна, Донателла Версаче және тағы басқалар.

Жас жұбайлар 2016 жылы бейнебаян түсірілімі кезінде танысқан. Әнші өз сүйіктісінен 12 жас үлкен.

2021 жылдың қарашасында сот 2008 жылдан бастап әншінің өмірі мен қаржысына басшылық жасап келген әкесі Джеймс Спирстің қамқорлығынан Бритниді босату туралы үкім шығарды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды