Неке шарты: Бритни Спристің өзінен 12 жас кіші күйеуі тастап кетсе не болады

Сурет: Instagram/britneyspears
Бритни Спирстің 28 жастағы күйеуі - фитнес-жаттықтырушы Сэм Асгари ажырасқан жағдайда әйелінің байлығына таласа алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

40 жастағы Бритни Спирстің мүлкі 60 миллион долларға бағаланады. TMZ басылымының хабарлауынша, неке шартын рәсімдеуді поп жұлдыз өзі ұсынған.

Әншінің күйеуі жанашыр жанкүйерлерге алғысын білдірді.

"Біздің неке қарым-қатынасымызға алаңдаушылық білдірген барлықтарыңызға рахмет айтамын. Әрине, бір күні Бритни мені тастап кетсе, джипім мен аяқ-киім жиынтығын ала алмайтындай неке шартына қол қойдық", — деп жазды Сэм Асгари өзінің Instagram парақшасында әзіл-шыны аралас.

Айта кетсек, 9 маусымда Бритни Спирс үшінші рет күйеуге шықты. Ерлі-зайыптылар салтанатты рәсімге тек жақын достарын шақырып, жабық жағдайда өткерді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды