«Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері халықаралық айтыста бас жүлде еншіледі

Сурет: Facebook/Руслан Рүстемұлы Рүстемов
Қызылордалық айтыскер Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыста бас жүлде иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов мәлім етті.

«Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын», деп жазды басқарма басшысы Facebook-те.

Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады