Қазақстан өнерпаздары АҚШ-та өткен биден Әлем чемпионатында Гран-при ұтып алды

Сурет: Instagram/madenietsqo
Петропавлдық Sensitive би ансамблі АҚШ-та өткен әлем чемпионатында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сүйінші хабармен Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы әлеуметтік желіде бөлісті.

22-31 шілде аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Анахайм қаласында орындаушылық өнер түрлерінің 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік чемпионаты өтті. Чемпионаттың голливудтық форматы әлемнің 72 елінің 3000-нан астам конкурсанттарын қызықтырып, өзіне алып келді.

Қазақстан Республикасы атынан Солтүстік Қазақстан облысының "Sensitive" бал биі театрының жастары қатысты.

Жартылай финалға өткен "Sensitive" отандық бал биі театрының қатысушылары жақсы өнер көрсетіп, ақтық сында Гран-приді жеңіп алды. АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, ОАР, Тайланд, Канада және Германия сынды елдердің мықты өнерпаздарымен бақ сынасты.

Жеңімпаздарды СҚО әкімі құттықтады.

Бұл - бүкіл Қазақстан үшін үлкен жеңіс. Еліміздің әрбір тұрғыны Сіздерді мақтан тұтады. Гран-при - өздеріңіздің көпжылдық күш-жігеріңіз, өнерге деген сүйіспеншілігіңіз және сұлулықты тудыра білу қабілеттеріңіз үшін берілген жоғары марапат. "Sensitive" ұжымының бишілері мен көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикованы жеңісімен құттықтаймын! СҚО әкімі Құмар Ақсақалов
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды