Димаштың Индонезиядағы жанкүйерлері әнші мен оның елі туралы көрме ұйымдастырды

Сурет: dimashnews.com
Индонезияның астанасы Джакартада Димаш пен Қазақстанның мәдениетіне арналған 10 күндік көрме өтті. Іс-шара қонақтарына орындаушының концерттерінің бірі көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара барлық ниет білдіруші үшін тегін болды. Dears барлық қонақ үшін Димаштың «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар дайындады. Олар түпнұсқада да, индонезиялық нұсқада да шырқалды. Сонымен қатар көрменің ашылу күні барлық қонақ үшін Димаштың «D-Dynasty» концертін тамашалау ұйымдастырылды.

Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» поэмасын оқып, қазақстандық орындаушының шығармашылығымен танысқаннан кейін қазақ тілін белсенді меңгере бастаған Димаштың жанкүйері Тита Джаджосман қонақтарды таң қалдырды, – деп жазды Dimashnews.com сайты.

Сурет: dimashnews.com

Көрмеде Димаштың фотолары, оның шығармашылығы туралы ақпарат, сонымен қатар Қазақстанның суреттері мен елден кәдесыйлар, оның ішінде домбыра мен дәстүрлі киімдер ұсынылды.

Көрме 29 маусымнан 8 шілдеге дейін жалғасты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индонезиядағы елшілігі мен Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген DIDFC Индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды