Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай жыр мүшәйрасы өтті

Сурет: Жәнібек Әлиман/Facebook
Жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай Жаңаарқада жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңаарқа ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мүшәйрада ақындар екі тақырып бойынша өз туындыларын оқыды. Байқаудың алғашқы кезеңінде ақындар Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен өнегесін өлеңмен өрсе, келесі кезеңде еркін тақырыпта жазылған шығармаларын ұсынды.

Мүшайра жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйақылармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлде - 500 мың теңгені Ақтөбе облысынан келген ақын Азамат Әбілқайыр еншіледі. I орын - 250 мың теңгені Нұр-Сұлтан қаласынан келген Жәнібек Әлиман иеленді; II орын - 200 мың теңге Нұр-Сұлтанның ақыны Алма Ақылбайқызына бұйырды; ІІІ орын - 150 мың теңгеден түркістандық Батырхан Сәрсенхан мен қарағандылық Жәлел Қуандықұлы жеңіп алды.

Сонымен қатар, 4 ақын сайыстың арнайы жүлделеріне ие болды. Олардың әрқайсысы 75 мың теңгеден олжалы болды. Мүшәйра жеңімпаздарын аудан әкімі Юржан Асанұлы марапаттап, жастарға шығармашылық табыс тіледі.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы