"Алматы Арена" кешенінде Димаш Құдайберген фанаттарымен кездесті

Сурет: Zakon.kz
Димаш Құдайберген шығармашылығына табынушылар "Алматы Арена" кешеніне жиналып, әншімен кездесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 қыркүйекте Димаш Құдайберген "Алматы Аренада" өз жанкүйерлерін үлкен ықыласпен қарсы алды.

Оларға 23 қыркүйектегі концерттің ең жарқын сәттерінен үзінді көрсетілді.

Кеш жүргізушілері Димашты сөзге тартты. Димаш әртіс өз тыңдармандары алдында әрдайым тамаша көңіл-күймен шығып, керемет өнер көрсетуі міндетті екенін атап өтті.

Жүргізушілер Димашты перфекционист деп атады, өйткені ол өзінің барлық концертіне үнемі 100% беріліп, дайындалады. Кейбір сұрақтарға Димаш әзілмен жауап берді.

Сурет: Zakon.kz

Кейін оған өзімен бірге қосылып ән шырқаған жанкүйерлерінің өнері көрсетілді.

Бұдан кейін көрермендерге сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Олар Димаштан Астанадағы Рим Папасымен болған кездесуден қандай әсер алғанын сұрады, сол секілді Джеки Чанмен достық қарым-қатынасы, әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікірін де білгісі келетіндерін айтты.

Сурет: Zakon.kz

Әнші әлемдегі барлық адам бейбіт жағдайда өмір сүргенін қалайтынын айтты. Сондай-ақ, Димаш аяғы әлі тиіп үлгермеген мемлекеттерде концерт өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Кейін Димашқа домбыра ұсынылды, ол ұлттық аспапта өнер көрсетіп, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Сурет: Zakon.kz

Әнші домбыра мен қобыз - қастерленуі тиіс ұлттық аспаптар екенін атап өтті.

Өзінің сүйікті әншісімен кездесуге келгендердің арасында Тайланд, Вьетнам, Словакия азаматтары да болды. Мексикадан келген жанкүйерлер әншіге ұлттық нақыштағы сомбрероны (қалпақ) сыйға тартты. Сахнаға шыққан балалар Димашты қаумалап, көкейлерінде жүрген сұрақты қойды.

Сурет: Zakon.kz

Кездесу барысында жанкүйерлер де сахнаға шығып, Димашпен суретке түсті, қолтаңбасын да алып жатты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды