Композитор әрі музыкатанушы Наум Шафер өмірден озды

Сурет: Facebook/Әбілқайыр Сқақов
Музыкатанушы, композитор Наум Шафер 91 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов желідегі парақшасында жазды.

Аңыз адам дүниеден өтті. Онымен бірге бүкіл дәуір қоса кетті. Бізге даналықты, өмірге, адамдарға, музыкаға деген сүйіспеншілікті үйрететін адамнан айырылдық. Қымбатты Наум Григорьевич, бақұл болыңыз! Сіз мәңгіге біздің жадымыздасыз. Наум Григорьевич Шафердің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын, делінген жазбада.

Айта кетсек, Шафер Наум Григорьевичтің шын аты-жөні Нахман Гершевич. Ол 1931жылы 13 қаңтар күні Бессарабия Кишинев қаласында туған. Әдебиетші, композитор, музыкатанушы, филология ғылымдарының кандидаты (1965), профессор (1996). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Бүгіндері Наум Шафер жинастырған 25 мың граммофон және патефон жазбаларының жинағы Павлодардағы "Шафер үйі" мұражайында сақтаулы (2001). Сонымен қатар мұнда сол кісі жинастырған 1500 магнитофон жазбалары және 1500 аудио кассеталар да бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді