Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме ашылды

Сурет: видеодан алынды
"Бай, қуатты болайық!". Бүгін Семейдегі Абай мұражайында осындай атаумен қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының 70  жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының мәліметінше, көрмеге белгілі журналистің эфирде киген киімдері, жұмыс үстеліндегі бұйымдары, қолжазбалары, мемлекеттік наградалары, әр жылдары түскен фотосуреттері, 200-ге тарта пайдаланған заттары қойылған. Семейліктер көшпелі көрмені қараша айының соңына дейін тамашалай алады.

Бұл қаланың Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығына қатысы көп болды. Әр хабарында ұлы Абайға, оның қара сөздеріне жүгінетін. Кез келген хабарын Абаймен тұжырымдап отыратын. Көрменің мақсаты Нұртілеу Иманғалиұлының өмірі мен шығармашылығын жас журналистерге таныстыру үшін республиканы аралап жүрміз. Нұртілеу Иманғалиұлының жары Қарлығаш Табылдинова

Айта кетсек, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында 2021 жылы 17 ақпанда өмірден өтті.

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды