Бүгін қаралы қауым "Қазақтың Көпенін" ақтық сапарға шығарып салды

Сурет: видеодан алынды
Белгілі сатирик, журналист, Қазақ радиосының ардагері Көпен Әмірбекті қаралы қауым туған жері - Отырарда соңғы сапарға шығарып салды. "Қазақтың Көпенімен" қоштасуға жиналған жұрттың қарасы мол болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саналы ғұмырын қасиетті сахнаға арнаған әйгілі сықақшыны қалың ел қимастықпен өзі еңбек жолын бастаған киелі сахнадан шығарды. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, Парасат орденінің иегері 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Жиылған жұрт марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Astana.tv.

Бүгін қазақ әдебиеті үлкен қазаға ұшырады. Бұл Көпен деген есім сонау Асқар Тоқманбетов, Оспанхан Әубәкіров сияқты ұлы сатириктердің соңғы тұяғы еді. ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов

Айта кетсек, 9 қарашада танымал сатирик, журналист Көпен Әмірбек 72 жасынан асқан шағында өмірден өтті. Ол бүкіл ғұмырын сатираға арнаған тұлға. "АраШмель" және "Ара.кз" журналы, "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттерінде талмай еңбек етті. "Қазақстан" ұлттық арнасында, "Хабарда", "Тамаша" ойын-сауық отауында оның туындылары жиі ұсынылып келді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік