Димаш Құдайберген өз таңдауын жасап, дауыс берді

Сурет: желіден алынды
Бүгінгі тарихи күнде көптеген отандастарымызбен қатар әлемге аты танымал, көптің сүйіктісі - әнші Димаш Құдайберген де сайлау учаскесінlе болып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті отандастар! Бүгін еліміз үшін маңызды күн болды. Мемлекетіміздің президенттік сайлауына қатысып өз таңдауымды жасадым. Қолға алған шаралардың басым көпшілігі орындалып, халқымыздың бақытты және баянды күндері көп болғай. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріліп, Қазақстанның болашағы жарқын, тұғыры биіктей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов та бүгінгі сайлауға барып, Қазақстан халқын азаматтық белсенділік танытуға шақырды. Ал бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова апайымыз үйінен дауыс берді. Одан бөлек тағы бірқатар өнер адамдары өздерінің саяси таңдау жасағанын әлеуметтік желіде жазды.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді