Junior Eurovision-2022: дауыс беру басталды

Junior Eurovision-2022 халықаралық ән байқауында дауыс беру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Дауыс беру үшін Vote.junioreurovision.tv сайтына кіріп, әуелі қатысушылардың видеосын көріп, содан кейін тізімнен үш өнерпазды таңдау керек. Әрі қарай "Дауысты қабылдау"/"Дауыс беру" түймесін басу қажет.

Айта кетейік, Junior Eurovision-2022 11 желтоқсанда Армения астанасы Ереванда өтеді. Қазақстан атынан Давид Чарлин қатысады. Ол  сахнаға үшінші болып шығады. Давид "Жер-Ана" әнімен бақ сынайды.

Биылғы байқауға 16 елдің: Албания, Армения, Грузия, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Сербия, Солтүстік Македония, Украина, Ұлыбритания және Франция өнерпазы қатысады.

Еске салайық, Қазақстан бұған дейін Junior Eurovision ән байқауына төрт рет қатысты. Былтыр, 2021 жылы Қазақстан атынан қатысқан Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы 8-орын алды. 2020 жылы  Қарақат Башанова, 2019 жылы Ержан Максим екінші орын алды. Ал 2018 жылы Данэлия Төлешова 6-орын иеленді.  

Армения Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: