Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы 93 жасқа толған күнімен құттықтады

Сурет: видео скрині
Әнші, актриса, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 93 жасқа толды. Әнші Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында халық артисінің үйіне барып, құттықтаған сәтінің видеосын жариялап, тілек жазған.

"Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Қазақ ән өнерінің негізін салушы, тұтастай еліміздің абыз анасы тек қуанышқа бөлене бергей! Апамыз биыл 93 жаста! Әлі есімде, 2015 жылы "Славян базарына" барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де, Америка елінде де, басқа мемлекеттерде де жарыста жүрген кездерімде әрқашан бата беріп шығарып салатын кездеріңіз мәнгі есімде қалады. Қазақ ән өнерінің анасы екендігіңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 95 және 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге, барлық жастарға үлгі өнеге! Қазақ қоғамы апамыздың өнерін сақтап, ғасырдан ғасырға жеткізу әр азаматқа парыз!", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семейде дүниеге келген. Ол XX ғасырдың 20 көрнекті әйелінің бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі