Танымал боксшының желідегі жазбасына Сәкен Майғазиев пікір қалдырды

Сурет: Instagram/saken_maigaziyev
Танымал әнші Сәкен Майғазиев кәсіби бокста екінші орташа салмақта бағын сынап жүрген отандасымыз Айдос Ербосынұлын қолдап-қолпаштап, желіде пікір қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі туралы егжей-тегжейлі тоқталған Ербосынұлының Instagram-дағы соңғы жазбасына әнші пікір қалдырды.

"Оңай спорт емес, Айдосжан! Өмірдің өзі жеңіс пен жеңілістен тұрады. "Жағың сынса да сағың сынбасын" деп Айдос Ербосынұлы айтқандай, рухын биік болсын. Жасай бер", делінген әншінің жазба астына қалдырған пікірінде.

Айта кетсек, 6 қарашада Миннеаполистегі шаршы алаңда Айдос WBA Regular бойынша әлем чемпионы, кубалық Дэвид Моррельден мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады. Миына қан кетуіне байланысты ол дереу ауруханаға жеткізілді. Отандасамызға ота жасалып, біршама уақыт жасанды комада болды. Кейіннен спортшымыз оңалып, Қазақстанға оралды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды