Абай атындағы опера және балет театрының солисі Татарстан көрермендерін тәнті етті

Cурет: Абай атындағы опера және балет театрының баспасөз қызметі
Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Эмиль Сакавов Татарстандағы фестивальде өнер көрсетіп, көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 13 ақпанда көрнекті опера әншісі, әлемге әйгілі артист, Қазан қаласының тумасы Федор Иванович Шаляпиннің туғанына 150 жыл толады.

Осыған орай 30 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Татарстанның Қазан қаласындағы Мұса Жәлел атындағы татар опера және балет театры сахнасында XII халықаралық опера фестивалі өтіп жатыр.

Халықаралық Шаляпин фестивалі италиялық режиссер Джузеппе Морассидің қойылымындағы Дж. Россинидің "Севильдік шаштараз" операсымен ашылды. Қазақстандық артист Эмиль Сакавов фестивальдің ашылу салтанатында ең алғашқылардың бірі болып, "Фигаро" партиясын ерекше орындап, Татарстан көрермендерін баурап алды. 

Сурет: Абай атындағы опера және балет театрының баспасөз қызметі

"Қазақстандық опера сахнасының жарық жұлдызы ыстық ықыласқа бөленіп, асқақ өнермен қауышу бақытын сыйлағаны үшін алғыс ретінде құшақ-құшақ гүлге әрі татар баспасөзі, музыкалық сыншылар мен жанкүйерлер тарапынан шаттыққа толы пікірлерге ие болды. Артистің әлеуметтік желідегі парақшалары таңғажайып өнері үшін құттықтауларға, пікірлерге толды, олар опера солисінің дарыны мен тамаша техникасын айтып, мақтау сөзін жаудырып жатыр".Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі

Сурет: Абай атындағы опера және балет театрының баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты