СҚО-да Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын тойлау басталып кетті

Сурет: СҚО әкімдігі
Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі жазушы, ақын, публицист, "Алаш" қозғалысы көшбасшыларының бірі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мен өлмеймін, менікі де өлмейді" республикалық мүшайраныңы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конкурсқа 90-нан астам ақын қатысты, оның тоғызы Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.


Сурет: СҚО әкімдігі


Конкурстық жұмыстарды мына құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет; ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы бойынша қалалық филиалының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, "Егемен Қазақстан" газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, "Мәдениет қайраткері" төсбелгісі иегері Жақсыбай Самрат.


Сурет: СҚО әкімдігі


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерейтой аясында жыл ішінде "Алаштың алдаспаны" ақындар айтысы, "Мағжанның маржан жырлары" Мағжан оқулары және т.б. бірқатар айтулы шаралар өткізіледі.


Сурет: СҚО әкімдігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі