Димаш Құдайберген америкалық әріптестерін қазақтың ұлттық аспабымен таныстырды

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына музыка студиясында түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен америкалық әріптестерімізді бірлескен жобаларда пайдалану үшін дәстүрлі музыкалық аспаптарымызбен таныстырып жатырмын", - деп жазды Димаш видеоның сипаттамасына.

Әншінің жанкүйерлері мен басқа да желі қолданушылары қазақтың ұлттық аспаптарының керемет дыбысы бар екенін айтып жатыр. 

Сонымен қатар жанкүйерлер Димаштың ағылшын тілін жақсы меңгергеніне тәнті болды.


20 ақпанда әнші ипподромнан түсірілген видеосын жариялаған еді.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты