Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады.
"Соңғы жылдары ана тіліміздегі отандық сериалдардың сапасы артып, деңгейі өскені көзіқарақты көререрменге жақсы мәлім.Соған байланысты сериалдар контентінің сапасын одан әрі арттырып, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, телесериалдарды халықаралық деңгейге шығару үшін жаңа байқау ұйымдастырып отырмыз. Осы мақсатта отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын алғашқы "Nauryz" ұлттық бәйгесі жарияланды", деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.
Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:
1. Үздік тарихи сериал
2. Үздік драмалық сериал
3. Үздік комедиялық сериал
4. Үздік веб-сериал
5. Үздік актер
6. Үздік актриса
7. Екінші пландағы үздік актер
8. Екінші пландағы үздік актриса
9. Үздік режиссер
10. Үздік сценарист
11. Үздік қоюшы-оператор
12. Үздік монтаж
13. Үздік саундтрек.
Жеңімпаздар наурыз айында белгілі болып, оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.