Петропавлда "Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан!" атты көрме өтті

Сурет: видеодан алынды
Еліміздің солтүстігінде осындай атаумен түркі дүниесінің бірегей тұлғасы, Алаш қайраткері, ақиық ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы - Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан!" атты айтулы шараға орай облыстық тарихи-өлкетану музейіне Жұмабаевтар отбасының шежіресі, фотосуреттері, куәліктерінің көшірмелері тіпті ақынның өзі пайдаланған заттары да қойылды. Солардың ең құндысы – Мағжанның жайнамазы. Ол ХХ ғасырдың басында жасалса да, бүгінгі күнге дейін қаз-қалпында сақталған. Шараға қатысушылар көрнекті тұлғаға қатысты жәдігерлерді ғана тамашалап қоймай, оның өмірі және шығармашылығымен де кеңінен танысуға мүмкіндік алды. Айта кету қажет, мұндай мәдени шара алдағы уақытта аудандарда да жалғасын табады деген жоспар бар, деп хабарлайды "Хабар-24".


"Мағжан Жұмабаевтың жәйнамазы. Бұл алтын түсті қымбат матадан тігілген. Мешіттің суреттері және де бірнеше ою-өрнектер салынған. Мағжан Жұмабаевтан кейін келіні Бибізайып апамыз намазға шығылған, 99 жасқа дейін. Баласы Тасболат Бекенов музей қорына өткізген". Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Самрат Құскенов
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті