Әли Оқапов жұбайына көлік сыйлады

Сурет: Instagram/akerkeburkitbay
Ақерке Бүркітбай жаңа көлігінің фотосын жариялап, жары, әнші Әли Оқаповқа рақметін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қуанышты сәтімді сіздермен де бөліскім келеді. Бүгін осындай ерекше сыйлыққа ие болдым. Көп нәрсе жазғым-ақ келеді, бірақ барлығын жеке айтуды жөн көрдім! Рақмет саған менің қолдаушым, қорғаным @aliokapov 💙", - деп жазды Ақерке Бүркітбай Instagram-дағы парақшасында.

Ақкерке Бүркітбай желідегі парақшасына көлікпен бірге түскен фотосын жариялады. Фотода Ақерке сәбиі Зейінмен бірге жаңа көліктің алдында тұр.

Айта кетері, Әли Оқапов ұлына бесік той жасап, оны қалың жұртқа көрсеткенін бұдан бұрын хабарлаған едік. Әнші Әли Оқапов алғаш рет халыққа ұлы мен әйелін көрсетті. Роза Рымбаеваның үлкен ұлы тұңғышының дүниеге келгеніне 40 күн толуына орай мереке ұйымдастырды. Әншілердің отбасындағы қуанышты жағдай 22 ақпанда белгілі болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы