Отандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% артады

Сурет: unsplash
Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов президент тапсырмасын орындау мақсатында министрліктің мәдениет, креативті индустрия, спорт және туризм салаларын дамыту жөнінде шараларын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Оралов отандық кинематографияны, соның ішінде жеке кинокомпанияларды дамыту және қолдау шаралары арқылы қазақстандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% (2022 жылы - 13%) артатынын айтты.

"Сонымен қатар Қазақстан кинематографиясының халықаралық фестивальдер мен конкурстардағы аясы ұлғаяды. Өңірлерде кешенді мемлекеттік-жеке меншік кинопрокатты ұйымдастыру мақсатында проекциялық жабдықтар мен жылжымалы киноқондырғыларды кезең-кезеңімен алу мәселесі пысықталады". Асхат Оралов

Сонымен қатар министр жергілікті атқарушы органдармен және шығармашылық зиялы қауыммен бірлесіп, Республика күніне орай "Қазақстанның халық артисі" атағын беру жөніндегі ұсыныстар енгізілетінін айтты.

"Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде еліміздегі музейлер мен кітапханаларға келушілердің жыл сайынғы саны 3%-ға (2022 жылы – 58,8 млн, жыл сайын 764 мың адамға өсу жоспарланған) артады", - деді министр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі