Жүрсін Ерман: Қаңтар оқиғасы болғанда мен Жезқазғанда жаттым...

Сурет: Instagram/zhursin_erman
Қатты ауырып, Швецарияда емделіп келген ұлттық өнер - айтысты ұйымдастырушы, ақын Жүрсін Ерман жақында "өз жұмысына" оралатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы айтыстың абызы Жүрсін Ерман "Айқын" газетіне берген сұқбатында айтты.

"Мен әлеуметтік желідегі жаңалық­тарды жібермей оқимын. Инстаграм, фейсбук, телеграмм арналарды қарай­мын. Қаңтар оқиғасы болғанда мен Жез­қазғанда жаттым. Сонда мені "Ама­нат" партиясы іздеп барып, халыққа үн­деу жазып алды. Сол кезде мен: "Қазақстан ұлы өзгерістердің алдында тұр" деп сөйледім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп, айналасына топтасуымыз керек екенін айттым. Сол пікіріме бүгінде көзім жетті", - дейді ақын.

Ол қазіргі Қазақстан – өзгерген Қазақстан екендігіне сенімді.

"Саяси реформалар, демок­ратиялық жаңғырулар жолында жасалып жатқан қадамдарды халық енді-енді түсініп келе жатыр. Үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Жемқорлықпен күрес жолындағы атқарылып жатқан істер де көңілімнен шығады. Жақында Парла­мент сайлауы өтті. Билікке жаңа адамдар келді. Басқасын айтпағанда, айтыс ордасынан шыққан екі ақын - Аманжол Әлтаев пен Ринат Зайытов та Мәжіліске барды. Пікірлерін ашық айтып жүр. Өзгеріс деген осы емес пе? Бәрі бір күнде орындалмайды. Шыдам мен төзім керек", - дейді Жүрсін Ерман.

Айта кетсек, ақын Жүрсін Ерманның Женева қаласындағы ауруханада емделіп жатқанын алдында хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз