Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды

Сурет: primeminister.kz
23 мамырда Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.

2009-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2017-2018 жылдары - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.

Айта кетсек, бұған дейін аталған комитетке Роза Кәрібжанова басшылық еткен болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы