Димаш Құдайберген туған күнінде өз өмірі туралы жаңа бейнебаянды ұсынды

Сурет: видео скрині
24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйерлеріне арнаған «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өмір" – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы, онда әртіс өз-өзімен іштей монолог жүргізіп, өмірді бір-бірден сұрыптап, сол туралы әңгімелейді.

Дыбыссыз реңктерде орындалған музыкалық бейне MOOD video жанрында түсірілген.

"Клипті қарау кезінде көрермендер проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді, онда Димашпен бірге оның өміріндегі ең жарқын сәттерді тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, I am Singer байқауындағы жеңісі, оның сүйікті dears, қызықты адамдармен танысу және ұмытылмас концерттері туралы… Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей", - делінген әншінің жеке сайтындағы хабарламада.

"Өмір" – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды. Менің туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқындарға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдармандарыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы". Димаш Құдайберген


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды