"Өмір туралы баллада": Димаштың жаңа бейнебаяны шықты

Сурет: Zakon.kz
24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйерлеріне арнап, "Өмір" атты жаңа композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады.

"Өмір" әні – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы. Онда әртіс өзімен іштей монолог жүргізіп, өмірді бір-бірден сұрыптап, сол туралы әңгімелейді.

"Клипті көргенде көрермен проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді. Онда Димашпен бірге оның өміріндегі ең жарқын сәттерін тамашалауға болады: алаңсыз балалық шақ, музыка байқаулары, «I am Singer» байқауындағы жеңісі, оның сүйікті Dears-і, қызық адамдармен танысу және ұмытылмас концерттері… Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей", - деп жазады Dimashnews.com сайты.

"Өмір" – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды, туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқынға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдарманыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы", – деді Димаш.

АҚШ
Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі