Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихын айтып берді

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash/
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа "Өмір" әнінің шығу тарихы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне "Өмір" атты жаңа әнін шығуыны себеп болған оқиға туралы айтты. 

"Достар! Менің "Өмір" атты жаңа музыкалық бейнебаянымды көріп үлгергендеріңізге сенімдімін. Ол менің 25 жылдық шығармашылық сапарым туралы, оған әсер еткен адамдар мен оқиғалар туралы ой жүгірту ретінде құрылды. Сондай-ақ, бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа экранда менің ойларым мен сезімдерімді жеткізе алғаны үшін алғысымды білдіргім келеді". Димаш Құдайберген

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген туған күнінде өз өмірі туралы жаңа бейнебаянды ұсынған еді. Шығармада орындаушының балалық шағынан қазірге дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады. Әнші 24 мамырда 29 жасқа толды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз