Ақмола облысында қола дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды

Сурет: pixabay
Ақмола облысы аумағындағы Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу кезінде адам сүйегі табылды. Мамандардың болжамынша, ол қола дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін,, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық мамандарының мәлімдеуінше, адам сүйегі оң жағымен, басы солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде орналасқан.

"Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған", – делінген Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы таратқан  хабарламада.

Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды.

"Жерлеу ерекшеліктеріне сүйене отырып, уақыт кезеңі қола дәуіріне жатады деп болжауға болады (б.з. д. алғашқы 1-2 мың жылдық)".Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ

Тарихшылар бұл нұсқа қорғанды толық зерттеп, табылған жәдігерлерге тиісті талдау жүргізгеннен кейін нақтылауы мүмкін екенін алға тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды