Лас-Вегаста болашақты танытатын ғимарат бой көтерді

Сурет: видеодан алынды
Лас-Вегаста (Невада) алғаш рет анимацияларды көрсетуге арналған әлемдегі ең үлкен жарықдиодты экраны бар сфера тәрізді "болашақтың ғимараты" бой көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы CNN хабарлайды.

Лас-Вегастағы MSG Sphere жаңа концерттік алаңында төбе көрсеткен үлкен сфералық экран сынақтан өткізілді. 

Экранның биіктігі - 111,5 метр, ені - 158 метр және әлемдегі ең үлкен сфералық құрылымды танытады. Ондағы дисплей 1,2 миллион жарықдиодты шамдардан тұрады, олардың әрқайсысы хоккей шайбасының көлеміндей.

MSG Sphere концерт алаңының сынағы 4 шілдеде атап өтілетін АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай жүзеге асырылды. Алаңның толыққанды ашылуы 2023 жылдың 29 қыркүйегіне жоспарланған. Жаңа сахнада бірінші болып U2 тобы өнер көрсетеді.

MSG Sphere жобасын Populous сәулет бюросы дайындаған. Оған 2,3 миллиард доллар жұмсалған. Жаңа стадионға 18 мыңға жуық адам сыяды.

Мұнда музыкалық концерттерден бөлек кино фильмдер көрсетілімдерін өткізуге болады. Ғимарат қабырғасындағы үлкен экраннан Даррен Аранофскийдің "Жерден жолданған әсем хаттар" атты жаңа фильмінің премьерасын көрсету жоспарланған.



Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады