"Ең сұлу жігіт еді". Мейрамбек Беспаевтың желіде жариялаған видеосы қызу талқыланып жатыр

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев отау құрғанына 19 жыл толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы бейне ролик жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін үйленгенімізге - 19 жыл" деп жазды Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеоның сипаттамасына әнші.

Видео әншінің жұбайымен өткізген 19 жыл отбасылық өмірінің қызықты сәттерін қысқаша баяндайтын сюжеттерден тұрады.

Видео астына пікір қалдырушылар Мейрамбектің жас кезінде Қазақстандағы ең сұлу жігіт болғанын, ол үйленген күні көп қыз жылап қалғанын жазады.

"Есімде сол күн… КТК телеарнасынан айтылды. Мен: "Мейрамбек, неге мені күтпедііііің?"- деп ботадай боздадым. Бала махаббат еді, кіршіксіз. 11-сынып түлегі едім ол кезде. ҰБТ уақыты болатын. Сізге арналған бір қалың дәптер бар еді. Іші толған өлең жолдары. Ол дәптердің қайда қалғанын білмеймін қазір. Қазір үш баланың анасы, аяулы жармын. Өз отбасыма тілеген жақсылықты сіздерге де тіледім. Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын, ағатай!" деп жазды Жазира есімді сұлу.

Қуаныш Хусан деген желі қолданушысы тіпті, Мейрамбектің үйленгенін естіген Қытайдағы бір қыздың сол кезде өзіне қол жұмсағанын да еске алыпты.

Асхат Тәжібаев аккаунтының иесі: "2004 жылы, әлі есімде, ол дәуірде үлкен апайлардың, қыздардың барлығы "Музарт" десе ішкен асын жерге қойып, соларға өлердей ғашық болатын" депті.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: