"Әнші де емеспін, ұстаз да емеспін". Сахнадан жырақтап кеткен өнер адамы өз шындығын айтты

Сурет: Instagram/Zhugunussov
Ағайынды Жүгінісовтер тобында өнер көрсеткен Рүстем Жүгінісов шоу-бизнестен жырақтап кеткеніне біраз болды. Бірақ ол Instagram-дағы желісінде өте белсенді. Көбіне азан шақырып, Құран аяттарын маққаммен орындап бүгіндері көптің көңілінен шығып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы парақшасында оған "інісі Мирас Жүгінісовпен бірге фит жазу ойыңыз бар ма" деген сұрақ қойылған. Рүстем Жүгінісов бұл сауалға таң-тамаша болды.

"Күлейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болған еді, негізі. Білесіздер ме, мен ән айтпай, әнді тастағаныма екі жыл болғанын. Мына түріммен (сақалын ұстап) қалай мен Мираспен фит жазамын", - дейді әзіл-шыны аралас ол.

Ол басқа жолды таңдағанын айтады.

"Болды, мен басқа жолды таңдадым. Әнші емеспін қазір, сондықтан да Мираспен фит жазбайтынымды біліп жүріңіздер, - деп қысқа қайырды Жүгінісов.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін