"Сіздердің рұқсаттарыңызбен тәуекел еттім". Мейрамбек Беспаев желідегі қауымды елең еткізді

Сурет: Instagram/m_besbaev
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Мейрамбек Беспаев туған жерінде көкпар беретін болды. Атап айтқанда, Тараз қаласында 17 қарашада, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қадірлі ардақты ағайын! Ат ер қанаты. Атқа қонған палуанның ықыласын, елдің тілеуін тілеген ел-жұрт үлкендердің батасын қашан аласың? Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз? Соңғы кезде ауылға,туған өлкеге барғанда алдымнан көп шығатын сауал осы. Алғашында бос мақтан үшін деп ел сөгер, жұрт босқа мал шашып жатыр деп айтар… Осындай көп күмәнмен келіспей жүр едім. Көкпар көптікі ғой деген тілеулес дос-жар бір шешімге келтіріп, салым дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр", деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Салым қоры - 25 миллион теңге.

"Оданша ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды деп алдын ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейінде жасап келемін, көкпардан кейінде жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім. Ұлттық дәстүріміз бен спортымызға қосқан тамшыдай үлесімді қабыл алыңыздар. АЛЛА қаласа 17 қарашада Тараз қаласында….төрт көзіңізді түгел күтемін. Ел іргесі аман болсын!!!" делінген жазбада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді