Алматыда Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Сурет: видеодан алынды
Алматыда көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ашылу салтанатына мәдениет қайраткерлері мен белгілі ақын-жазушылар жиналып, естелік айтты. Бейсембай Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сынды тұлғалардың өмірі мен шығармалары туралы зерттеудің авторы. Өмір жолын қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым жоғары оқу орындары студенттеріне арналған "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті" оқулығын, "Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын" жариялағаны белгілі, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қайратты кісі болды. Бейсекеңді бүгінгі күннің батыры деп атауға болады. Ғалымның екінші өмірі басталды. Ұзағынан сүйіндірсін!", – деді жазушы, Қазақстанның еңбек ері Дулат Исабеков.

Тағзым тақтасы Бейсембай Кенжебайұлының 20 жылдан аса тұрған үйіне орнатылды. Салтанатты жиында жазушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбектің Бейсембай Кенжебайұлы жайлы жазған екі кітабының тұсауы кесілді.


"Бейсембай Кенжебаев болмаса, Алаш ұранын жазған Сұлтанмахмұт Торайғыровтан баяғыда айырылып, қайта ақтап жатқан болар едік. Әуезовтің "Абай" романы да жарыққа шықпайтын еді", – деді жазушы, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі