"Қазақфильм" ұлттық киностудияға айналады

Сурет: Facebook/Kazakfilmstudios.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулы әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясы" АҚ болып қайта құрылады.

"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудия" акционерлік қоғамы Мемлекеттiк фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға болып айқындалады.

Бұл өзгеріс шығарылатын фильмдердің сапасын арттыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларды субсидиялаудың мемлекеттік операторы функцияларын іске асыру арқылы шетелдік инвестициялар тарту мақсатында енгізіліп отыр.

Құжат 15 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды