"7 жыл бұрын": Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген жағымды жаңалығын бөлісті. Ол желтоқсанда Гонконгта жеке ән кешін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш осыдан 7 жыл бұрын алғаш рет Қытайға аяқ басқанын еске салды. Ол қазақ халқы үшін жеті саны киелі есептелетінін де жанкүйрелеріне құлаққағыс етті.

"Dears! 23 желтоқсан күні менің Гонконгтағы жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын! Бұл – ерекше күн. Өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын, мен Қытайға алғаш рет аяқ басқан едім. Содан кейін сіздермен шығармашылық жолымның қызық сәттері басталды! 7 саны қазақ халқы үшін ерекше. Сондықтан осы мерейтойда сіздермен Гонконгта STRANGER концерт турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын! Жақында билеттер сатыла бастайды", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Димаш Құдайберген Қытайдағы танымал "Singer 2017" телешоуына қатысып, Қытайға, әлемге танылды. Белгілі әншілермен өткен байқауда ол финалға шығып, екінші орын алды.

Айта кетері, 24 қазанда Димаш Құдайберген "Қазақстанның халық артисі" атанды.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі