Димаш Құдайберген Будапештте жеке концертін береді

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
2024 жылғы 4 мамырда Будапештте әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концерт қаланың ең үлкен жабық алаңдарының бірі – Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтеді, деп жазды әншінің жеке сайты.

Димаш және оның командасы шоуда дәстүрлі және заманауи стильдегі ең қызық композицияларды ұсынады, әртүрлі тілде ән орындап, қазақтың ұлттық дыбыстық және ультра заманауи әуендік техникасын бір туындыда қалай үйлестіруге болатынын көрсетеді.

"Менің Stranger концерттік турым жаңа 2024 жылы Еуропада басталатынын хабарлауға қуаныштымын. Дунай жағалауында әдемі Будапешт қаласында – Венгрияның астанасында сіздермен кездесуді асыға күтемін!", - деп жазды әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында.

Билеттер 2023 жылғы 5 желтоқсаннан бастап сатылады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады