Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Сурет: видеодан алынды
Димаш Құдайберген өз құттықтауында Халық әртісін бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндері үшін рақмет айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін - қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, опера жанрынан бастап халық ән-күйіне дейінгі аралықтағы жанрдың бәрін жетік меңгерген ұлы әнші, Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні! Құрметті Бибігүл апа! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мәнді де мағыналы өміріңіз, пайым-парасатыңыз бізге өнеге. Құдай берген дарынды еңбекпен ұштастыра білген, ұлтқа деген мейір-махаббатыңыз бізге үлгі. Бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндеріңіз үшін рақмет! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Деніңізге саулық тілеймін! Тағы да туған күніңізбен, Апа!", деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ желіде Димаштың Халық әртісінің үйіне өз аяғымен барған сәті таспаланған 2022 жылғы видеосы да жүктелген. Видеодан Бибігүл Төлегенованың Димашты қуана қарсы алғанын көруге болады. "Дүниені шарлап-шарлап келдің бе, алтыным" деп айналып-толғанған әнші ізбасарына өзінің жасын тілейді. Кадрдан Димаштың Бибігүл Төлегенованың құлағына сырға таққанын, сондай-ақ өзінің ата-әжесімен (атасының көзі тірі кезі) бейнебайланыс арқылы сөйлестіргенін көруге болады. "Өркені өссін балаларыңыздың. Сіздерді тек қуанта берсін", - дейді Халық әртісі. 

Айта кетсек, қазақтың бұлбұл әншісі, Халық әртісі Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Екі қызы, бір ұлы бар. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз